Батыста 372 киіктің өлексесі табылды


© ЭК
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында 372 киіктің өлексесі табылды,- деп жазады “Экспресс-К”
Жәнібек ауданына барған Батыс Қазақстан облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері 372 киіктің өлексесін тапқан.
— Мамандар санақ жүргізіп, 372 өлген киікті анықтап отыр. Оқиға орнына біздің мамандар, ветеринарлар ауылдық округтің құзырлы органдарының мамандары барды. Жалпы ауданда нөсер жауын болып, найзағай ойнаған болатын. Алдын-ала болжам бойынша, киіктер найзағайдың салдарынан өлген. Себебі барлығв бір сызық бойында жатыр,- деді Батыс Қазақстан облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысы Қайрат Қадешов.
Мамандар сараптама үшін киіктердің мүшелерін алған. Сондай-ақ ертең өлекселерді жою жұмыстары жүргізілетін болады.
Айта кету керек, өткен жылы Батыс Қазақстан облысында найзағайдың салдарынан 62 киік өліп қалған болатын.
Бөлісу