Тікұшақпен ауаға вирус таратып жатыр ма?

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Атырауда тікұшақпен вирус таратты деген ақпарат тарады. Өйткені қала тұрғындары аспаннан белгісіз сұйықтықты шашып жүрген тікұшақты көріп, бейнежазбаға түсіріп алған, деп жазады “Экспресс-К”

Аспанда ұшып, жерге сұйықтық шашып жүрген тікұшақты көрген тұрғындар "Коронавирус таратып жатыр. У шашып жатыр" деген алыпқашпа әңгімені тарата бастаған. Осы орайда Атырау облысы бойынша Төтенше жағлайлар Департаменті аспанда ұшып жүрген тікұшақ көктемгі өртке дайындық кезінде су шашып жүргендігін хабарлады.

"12 мамырда ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ Батыс өңірлік филиалының МИ-8 МТВ тікұшағымен, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты — МИ-8 қолдану арқылы су алып, орман және дала өрттерін сөндіру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында ашық дала аумақтарына су төгу құрылғысымен 11-ге жуық су төгу жұмыстары жүзеге асырылды"- деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті.

У шашты немесе коронавирус таратып жүр деген әңгімлердің жалған екенін айтқан Төтенше жағдайлар Департаменті, жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық жауапкершілік бар екендігін ескертті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров