Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 кинотуынды әзірленеді

Express Qazaqstan

pixabay.com

"Ұлы дала таңы" атты тарихи көркем фильмінің тұсаукесері Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан ел алдындағы есебінде осындай мәлімет берді.

"Тәуелсіздік "30 жылдығына арналған 30 кинтотуынды" жобасы аясында, тәрбиелік сипаттағы тарихи, көркем және анимациялық фильмдер әзірленеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында ең күтілетін киножобалардың бірі — "Ұлы дала таңы" атты тарихи көркем фильмінің тұсаукесері де өтетін болады", — деді министр.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тікелей көрсетілім арқылы өтіп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров