Астана
Қажымұқан Мұнайтпасұлына ескерткіш орнатылады


primeminister.kz
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қазақ палуаны Қажымұқан Мұнайтпасұлының 150 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, 78 маңызды іс-шара жоспары бекітілді, деп хабарлайды «Экспресс К»
Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында Қажымұқан Мұнайтпасұлының монументін орнату. "Қажымұқан" толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері, халықаралық және республикалық турнирлер өткізу бар.
Сондай-ақ, Токио қаласында жазғы олимпиада және паралампиада, Түркиядағы Төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақтың ұлы палуанына арналған халықаралық көрмелер ұйымдастыру жоспарланған.
7 сәуірде палуанның туған күніне орай спорттық бұқаралық іс-шаралар өтіп, Ақмола облысының Қажымұқан ауылында спорт кешенінің іргетасы қаланған.
Бөлісу