Жоғалған бозбаланың денесі көпір астынан табылды

Express Qazaqstan

Instagram.com

10 мамыр күні таңы бестер шамасында үйінен шыққан 22 жастағы Арман Мұқалиев содан бері қайта оралмаған, деп жазады "Экспресс К". Із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің денесін Ертіс үстінен өтіп бара жатқан тұрғындар кездейсоқ көріп қалыпты.

Арманды іздеуге туыс-туғанмен қатар, полиция және еріктілерде күш салыпты. "Лидер.кз" еріктілер тобы марқұмды іздеуде қаланы түгелдей тінтіп шыққандарын жеткізді. Алайда, еш нәтиже болмағанын айтады.

Жергілікті полиция басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда табылған денеге байланысты Сот алды тергеу жұмыстары басталған.

Қазіргі таңда сот — медициналық сараптамалары басталып, тиісті тергеу шаралары жүргізілуде

дейді Семей қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров