Еліміздің туристік әлеуеті қалай артады?

Express Qazaqstan

liter.kz

Ұлттық және халықаралық деңгейден еліміздің туристік әлеуетін одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның 30 туристік өнімінің каталогы құрылады, деп хабарлайды "Экспрес К"

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның қолданыстағы туристік өнімдерінің тізімін қалыптастыру мақсатында елдің бірегей тарихи-мәдени және тарихи көрікті жерлерін қамтитын 30 жаңа трансұлттық және өңірлік туристік өнімдерді әзірлеу бойынша арнайы жоба іске асырылады, — деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Оның қатарында "Ұлы Жібек жолы" бойында трансұлттық маршруттарды құру ТОП 10 дистинациясы да бар.

"Еліміздің туристік мүмкіндіктері мен әлеуетін шетелдік аудиторияға таныстыру мақсатында Алматы қаласына әлемнің 30 елінен келген 150 журналистің қатысуымен "Халықаралық шаңғышы журналистер" клубының жыл сайынғы кездесуі ұйымдастырылып отыр", — деді министр.

Мәдениет басшысының айтуынша, туризм саласында жоспарланған 30 инвестициялық жобаны іске асыру да көзделіп отыр.

"Оның ішінде Ақтау курорттық аймағын дамыту шеңберінде Ақтау қаласында көпфункционалды туристік кешенінің құрылысын жалғастыру бар. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы көпфункционалдық емдеу-сауықтыру кешеніні, Алматы қаласындағы Holiday In Express қонақүйі, ТОП 10 дистинациясы және ел бойынша бірнеше инвестициялық жобалар бар", — деді Райымқұлова.

Министр атап өткендей, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 1 трлн теңгеден астам жеке және мемлекеттік инвестициялар тартылып, нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Мәдениет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам іс-шара өтетінін айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров