Атырауда ауылдар көгілдір отынға жарымай отыр

Express Qazaqstan

Экспресс К

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданында 6 ауылдың жұрты көгілдір отыннан таршылық көріп отыр. Бұл елдімекендер мұнай кен орнына жақын орналасқанымен, халқы игілігін көре алмай келеді, - деп жазады “Экспресс-К”

Қыста отын тасып бейнет көрген жұрт суды да құдықтан тасып ішуге мәжбүр. Ауыл тұрғындары өркениттен тыс қалдық деп налиды.

— Осы Кенбай ауылынан 9 тоғыз шақырым жерде кен орны болса да көгілдір отынға жарымай отырмыз. Қыста көмір қымбаттап кетеді, амалсыз тезек жағамыз. Таңертеңнен кешке дейін, 15-16 шелек осындай қи кетеді. Оны жағасың, астынан күлін түсіріп аласың. Күніміз күнделікті осындай тіршілікпен өтеді, — дейді көпбалалы ана Айсара Әбезбаева.

Жүздеген тұрғыны бар ауылдағы электр жүйесі де әбден тозған. Апта сайын бұзылады. Әрі интернет желісі де тартылмаған. Білімге құштар балаларға кесірі тиіп отыр. Осындай мәселе көршілес 5 ауылда да бар.

— Осы алты елді мекенді газдандыру үшін республикалық бюджеттен бастапқы қаражат бөлінді. Биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2022 жылы аяқталатын болады. Мәселелер шешімін табатын болады,- дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков.

Сондай-ақ, ауылдардағы ауыз су мәселесін шешу үшін — жер асты суын кешенді зерттеу басталды. Әкімдік электр жарығы мен ғаламтор желісіне қатысты проблеманы келер жылы шешеміз дейді. Оған дейін ата кәсіпке байланған жұрт, үйреншікті тірлігімен жан бағады...

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров