Жұмыс іздеуге жаңа мүмкіндік

Express Qazaqstan

Экспресс К

Енді еліміздің барлық өңірінің тұрғындары Enbek.kz – Электронды еңбек биржасы порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн ала алады, деп «Экспресс К» еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл пилоттық жоба былтыр қарашада іске қосылған еді. Яғни халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін қашықтан көрсету арнасы кеңейіп келеді. Мәселен жоба биыл 5 қаңтардан бастап республиканың 40 қаласының тұрғындарын қамтыса, мамырдан бастап барша қазақстандыққа мүмкіндік берілді.

— "Жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығына барғысы келетін азаматтарға үйден шығудың қажеті жоқ. Мұның бәрін бірнеше минут ішінде Enbek.kz порталында жасауға болады. Ол үшін тек интернеті бар компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба болуы керек. Қызмет толықтай автоматтандырылған. Бұл дегеніміз, егер үш жұмыс күні ішінде порталда адамға лайықты жұмыс табылмаса, онда Электронды еңбек биржасы ол адамды автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осылайша адами фактор толығымен жойылады", — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Сондай-ақ еңбек биржасына өтініш жолдаған әр адам "Жеке кабинетте" жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңін қадағалай алады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, ЭЕБ-да тіркеуден өту қажет.

Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар соның ішінде әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемге онлайн өтінім жібере алады. Сол арқылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын — жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар.

Министрліктің берген ақпараты бойынша жыл басынан бері қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігін 34 мыңнан астам адам пайдаланған. 30 мың азамат жұмыссыз мәртебесін алған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров