Онлайн ойын үшін енесін тонаған келін ұсталды

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ақмола облысында 35 жастағы келіншек онлайн ойын үшін енесінің ақшасын ұрлаған деп хабарлайды "Экспресс К" полиция департаментіне сілтеме жасап.

Степногор қаласындағы полиция бөлімшесіне 57 жастағы азамат шағым түсірген. Ол банк карточкасынан 81 500 теңге жоғалғанын хабарлапты. Тергеу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы келіншек ұсталды. Ол жәбірленушінің келіні екен.

Күдікті наурыз айында енесінің барлық құжаттарын алып, өз телефонына онлайн ойын жүктеген. Содан кейін банк карточкасы арқылы төлем жасап, көп ұтысқа кенелмек болыпты. Қазір енесін тонаған келінге қатысты "ұрлық жасау" бабымен іс қозғалып, сотқа дейінге тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров