Көлік ұрлап мінген жасөспірім адам қағып кетті (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Ауыр жарақат алған 21 жастағы бойжеткен аурухана реанимациясына жатқызылды.

Шымкентте кәмелет жасына толмаған жасөспірім туысының көлігін ұрлап мініп, бойжеткенді қағып кетті. Бұл туралы "Экспресс К" жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік жол апаты сол маңайдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бойжеткен жолдың арғы бетіне өтіп бара жатқанда жоғары жылдамдықпен келген жеңіл көлік қағып кетті.

делінген ақпаратта.

Мәліметтер бойынша зардап шеккен бойжеткен қоғамдық көліктердің бірінде кондуктор болып бейресми жұмыс істеген, ал сол күні құрбысының жұмысына уақытша шығыпты.

Қатты соққы алған 21 жастағы бойжеткен ауыр халде реанимацияға жеткізілді. Дәрігерлер мидың 1-2 дәрежелі контузиясын, сондай-ақ кеуде қуысының жарақатын және жамбас сүйектерінің сынғанын анықтады.

"2000 жылы туған науқас үшінші дәрежелі травматикалық шокпен ауруханаға жеткізілді. Оған шокқа қарсы және симптоматикалық терапия жүргізілді. Қазір жағдайы ептеп түзеле бастады", — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров