Сәтпаевта сойқан салғандар сотталды

Диас АЛТАЙ

zanmedia.kz

Сәтпаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға үкім шықты деп хабарлайды «Экспресс К» Қарағанды облыстық сотына сілтеме жасап.

Олар "жаппай тәртіпсіздік жасады" және "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық көрсетті" деген екі бап бойынша айыпталған. Қарағанды облыстық ювеналды сотында барлығы өз кінәларын мойындап, тағылған айыппен толық келісетіндерін жеткізді. Сондықтан судья үш адамды үш жылға бас бостандығынан айырып, қалған 44 сотталушыға 4 жыл шартты жаза кесті. Айыпталушы орындығында отырған 55 адамның алтауы әйел.

Естеріңізге салайық, Сәтбаев қаласындағы оқиға былтыр шілдеде болған еді. Қалада 5 жасар қыз жоғалып, оны тұрғындар түні бойы іздеген. Кейін кішкентай қыз пәтерлердің бірінен табылды. Оның жанында ер адам болған екен. Ол қаршадай қызды зорлады деген тұрғындар, кінәліні өздері жазаламақшы болған. Бұл жан-жалға тәртіп сақшылары араласып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан еді. Ал, 2020 жылдың 6 қазанында абақтыда отырған күдіктінің өлі денесі табылды. Ол өз-өзіне қол салған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров