Алғаш рет университетте «Ashyq» қосымшасы енгізілді

Express Qazaqstan

©️ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгіннен бастап М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетіне (КАZGUU) жұртшылық вирус жұқтыру статусына байланысты қызыл, сары, көк және жасыл түстерге «бөлініп», QR-код арқылы ғана кіре алады.

COVID-19-ға ПТР-тест тапсырып, нәтижесі оң болған азаматтар, сондай-ақ вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар университетке кіре алмайды. Бұл туралы оқу орнының ректоры Сергей Пен мәлім етті, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Шектеулермен өмір сүріп жатқанымызға бір жылдан асты. "Ashyq" мобильді қосымшасын негізсіз сынап жатқандармен келіспеймін. Біз студенттеріміздің, оқытушыларымыздың және қызметкерлеріміздің денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінгендіктен "Ashyq" жобасын қолдап отырмыз. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келушілердің статусы туралы нақты ақпаратты қосымшаға жүктеп отыр. Осылайша қауіпті барынша азайтуға мүмкіндігіміз бар",- дейді университет басшылығы.

Бұл университет — "Ashyq" жобасын қолдаған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров