Елордада «Bus Lane» жолағы бар көшелердің саны артады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтан қаласындағы тағы 15 жолда «Bus Lane» арнайы жолақтарын енгізу жоспарда бар. Олардың жалпы ұзындығы 42,3 км құрайды. Бұл туралы «Экспресс К» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2021-2022 жылдарда қоғамдық көлікке арналған "Bus Lane" жолағы А.Байтұрсынов, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мұхамедханов, Түркістан көшелері, Жеңіс, Абылай хан, Қабанбай батыр, Тұран, Б.Момышұлы, Тәуелсіздік (3-бөлігі), Ұлы Дала, Мәңгілік Ел, Р.Қошқарбаев даңғылдарында іске қосылады.

"Bus Lane" жобасының мақсаты — жолаушылардың ыңғайлы жол жүруіне жағдай жасау және қоғамдық көлік қозғалысына басымдық беру. Бұдан басқа, арнайы жолақпен жүру құқығы шұғыл қызметтерге (жедел жәрдем, өрт қызметі) беріледі.

"Bus Lane" жобасы елордада 2015 жылғы 26 шілдеде енгізілді. Алғашында арнайы жолдар Абылай хан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі Б. Момышұлы даңғылында және Уәлиханов көшесінен Сарыарқа көшесіне дейінгі аралықтағы Бөгенбай батыр даңғылында ашылған. Бірінші бөліктің ұзындығы — 2,84 км, екіншісінің ұзындығы — 2,15 км құрады.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы 21 жолда ұзындығы 51 шақырымдық автобус желісі бар. Бүгінде қоғамдық көліктің бірегей пайдаланушыларының саны 550 мыңнан асады (елорда халқының 46%). Қоғамдық көлікпен күн сайын 500 000 сапар жасалады.

"Bus Lane" арқылы қоғамдық көлік құралдарының жүру тиімділігі 25%-ға жетеді және жол жүру уақытын 12,5 минутқа қысқартады. Мысалы, автобус арнайы бөлінген 15 шақырымдық жолақпен жүргенде оның жол жүру уақыты 37,5 минутты құрайды, "Bus Lane" болмаса — 50 мин. Бөлінген жолақтарды кеңейту болашақта қоғамдық көлікті дамытуға оң әсерін тигізеді. Өз кезегінде, бұл автобустардың жол жүру уақытын қосымша 14%-ға қысқартады", — дейді "City Transportation Systems" ЖШС Басқарма Төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, "City Transportation Systems" ЖШС бағдар желісіне талдау жүргізіп, Абылай хан даңғылына енгізу туралы шешім қабылдады. Пилоттық жобаны енгізу барысында жан-жақты тиімділік есептеледі.

Айта кетейік, "Bus Lane" қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне және жолдың оң жақ шетін көлік тұрағына айналдырмауға көмектеседі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров