Экс-банкир Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдеді

Экспресс К

total.kz

Экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлау туралы ісі бойынша шыққан үкімі жеңілдетілді, деп хабарлайды «Экспресс К».

Жомарт Ертаев түрмеде енді 11 жыл емес тоғыз жыл отырады. Сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалады.

Жомарт Ертаев 9 жылға, Игорь Мажинов 7 жылға, Бақыт Ибрагим 7 жылға сотталды. Сонымен бірге, үкім тағы 18 сотталушыға қатысты өзгертілді. Олар: Едігенов, Батырбаев, Игильман, Садықов, Барменбеков, Әбдірайымова, Жақыбаева, Тойшиев, Мамырбеков, Ибраева, Мәмбетжанова, Мәмбетов, Шәріпов, Дәулетбекова, Ағапов, Құсайынов, Бектаев және Пак. Оларға бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріп, шартты жаза қолданылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бірінші сатыдағы сот Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлағанын дәлелдеген болатын. Қылмыстар 2011 жылдан 2017 жылға дейін жасалған. Іс бойынша 36 адам сотталды.

Жомарт Ертаев 2019 жылдың мамыр айында Ресейдің Мәскеу қаласында ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған.

Осыған дейін, сот үкімімен Жомарт Ертаев 11 жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сол сияқты, айыпталушы кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары барын ескерген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров