Көшеде билеп қоғамдық тәртіпті бұзды

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Семейлік полицейлер Шәкәрім даңғылында билеп жүрген әйел туралы шақырту алады. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары автокөлік жолында билеген 40 жастағы әйел адамды анықтаған, деп жазады «Экпресс К»

"Азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушыны тергеу мақсатында ол учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. Кейін денсаулығын тексеру үшін қаладағы медициналық мекемеге жіберілді", деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Семей қаласы аумағында жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров