Қазақстанда вакцинаның 798 000 дозасы бар

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Сондықтан елімізде вакцина жеткіліксіз деп даурығуға негіз жоқ дейді ғалымдар. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап коронавирустық індетті жұқтырған 197 765 адам тіркелген, деп хабарлайды «Экспресс К»

Сарпашылардың мәліметінше соңғы бір аптада еліміз коронавирустың орташа тәуекел аймағында, ал әзірге 6 өңір қызыл аймақтан шыққан жоқ. Олардың қаратында еліміздің басты қалалары Нұр-Сұлтан, Алматы шаһарларымен қоса, Қарағанды Алматы облыстары бар. Қауіпті індеттің ең көп тараған аймағы да осы қалалар.

Бүгінде Қазақстандағы медициналық мекемелерде ковидке қарсы вакцинаның 798 мың дозасы бар. Оның 428 000-ы Sputnik V, 400 000 Hayat-Vax және 28 мыңы Kazvaх вакцинасы дейді.

"Елімізде вакцинаның бірінші компанентін 1 790356 адам салдырса, 722 504 қазақстандық екінші компанентін алған. 2 компанентті 21 күннен 90 күнге дейін алуға болады. Негізінен Sputnik V вакцинасының тиімділігі- 91,7%, қазақстандық Kazvaх 90% , Hayat-Vax 83% көрсетіп отыр" –деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының "Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров