Елордада темекі тұқылынан жаңа үйдің балконы өртенді

Express Qazaqstan

© ЭК

«Бурлин» тұрғын үй кешенінің адамдары мұндай жағдай осыған дейін бірнеше рет болғанын жайтады.

Елорданың Сарыарқа даңғылындағы "Бурлин" тұрғын үй кешенінің төртінші қабатында балкон өртенді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйдің сыртқы қаптамасы мен балкондардың бірі біреудің тастаған темекі тұқылынан өртеніп кетті.

© ЭК
© ЭК

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенже жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 18.48-де құрамында 19 адам және бес техникасы бар өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына шықты. Алты минут өткен соң өрт сөндірушілер төртінші қабаттың балконы жанып жатқанын анықтады.

Өрт сағат 19.03-те толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров