Киіктердің жаппай қырылуына найзағай себеп болуы мүмкін

Экспресс К

pixabay.com

Қазақстанның батысында шамамен 350 киіктің қырылып қалуына найзағай жарқылы себеп болуы мүмкін, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

"2021 жылы 13 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылдық округіне қарасты Тау кентінің жанынан 350-ге жуық өлі киік (басым бөлігі — ұрғашы) табылды", делінген жұма күні таратылған экология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандар патологиялық материалдардан, су мен топырақтан сынама алды.

"Алдын-ала болжамға қарағанда, киіктердің қырылуына қолайсыз ауа — райы жағдайы (нөсерлі жаңбыр мен найзағай) әсер еткен, зақымдану іздері соған ұқсас", — деп хабарлады министрліктен.

Нақты себептер сараптамадан кейін белгілі болмақ, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров