Вакцина алғаннан кейін де 44 адам коронавирус жұқтырған

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қазақстанда covid-19 вакцинасының екі компонентін алған 44 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Лаззат Ералиева.

Қазақстанда екінші компонентті алғаннан кейін барлығы 44 адам ауырып қалды.

деді Ералиева жұмада өткен брифингте.

Жұма күнгі жағдай бойынша Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін 1 млн 790 мың 356 адам алды, екі компонент 722 мың 504 адамға егілген.

Қазақстан халқын COVID-19 қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров