Александр Аксютиц: Менің жаңа міндетім - "Экспресс К"-ны жаңғырту

Express Qazaqstan

"Экспресс К" Бас директоры Александр Аксютиц/ © SSM

Қазақстандағы бірегей эксклюзивті видеоконтент фабрикасының негізін қалаушы Александр Аксютиц Salem Social Media-ның бас директоры қызметінен кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды "Экспресс К"

Бүгінгі күні әлеуметтік желілердегі Salem Social Media аккаунттарына тіркелгендер саны 10 миллионнан асады. Компания қоржынында — YouTube-тың 2 алтын 15 күміс батырмасы бар. Ал, веб-сериалдар қаралым бойынша рекордтық деңгейде. Небәрі үш жарым жыл ішінде Александр Аксютиц Salem Social Media-ны Қазақстандағы ең ірі видеоконтент өнімін беретін компанияға айналдырды.

"Кез-келген командада жетекшілер ауысып отыратыны заңды құбылыс. Осы құбылыс Salem Social Media-ға да келді. Мен компанияның бас директоры өкілеттігін осы уақытқа дейін менімен бірге, бір мүдеге жұмыс істеп келген — Рустам Юсуповқа тапсырамын. Мұндай шешімді өзім қабылдадым. Үш жылдан астам уақыт бір ұжымды, әсіресе, осындай шығармашылық топты басқара беру мүмкін емес екенін терең түсіндім. Сондықтан бұл салада жаңа мүмкіндікке жол беріп, даму бағытын анықтайтын жаңа көзқарас қажет. Рустам Юсупов — осындай көзқарастағы адам, сондықтан оның кандидатурасы таңдалды", — деп ой бөлісті Александр Аксютиц.

Жаңа бас директор Salem Social Media компаниясы құрылған күннен бастап жұмыс істейді. Ол атқарушы продюсерден бастап бас атқарушы директорға дейінгі қызмет баспалдағымен жүріп өтті. Оның қазақстандық фильмдерді шығаруда жинақтаған көп жылдық тәжірибесі бар.

Salem Social Media бас директоры Рустам Юсупов/© SSM
Salem Social Media бас директоры Рустам Юсупов/© SSM

"Біз алғаш рет нарыққа жол бастап сапалы өнім ұсынуға мұқият ден қойдық. Менің алдымда YouTube, Aitu және отандық Aitube.kz видеохостингтерінде жаңа рекордқа қол жеткізетін өнімдер жасау міндеті тұр. Қазір біздің команда 2021 жылдың жазғы және күзгі маусымында көрермендерді қуантатын 15 жобаны қолға алып, насихаттау жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті",- дейді Рустам Юсупов.

Salem Social Media-ның негізін қалаған Александр Аксютиц енді компания бас директорының кеңесшісі қызметін атқарады. Сондай-ақ, ол өзінің болашақ жоспарларымен де бөлісті. Оның алдында жаңа міндет тұр — "Экспресс К" газетін қайта жаңғырту.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров