COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 355645, ЖАЗЫЛҒАНДАР 312837, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4039


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 505 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады сенбі күні Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР-мен 2 мың 549 жағдай анықталды, 33 адам қайтыс болды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 355 645 жетті.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 440,
Алматы қаласында — 585,
Шымкент қаласында — 102,
Ақмола облысында — 147,
Ақтөбе облысында — 90,
Алматы облысында — 202,
Атырау облысында — 80,
Шығыс Қазақстан облысында — 94,
Жамбыл облысында — 32,
Батыс Қазақстан облысында — 106,
Қарағанды облысында — 355,
Қостанай облысында — 28,
Қызылорда облысында — 41,
Маңғыстау облысында — 40,
Павлодар облысында — 98,
Солтүстік Қазақстан облысында — 24,
Түркістан облысында — 41.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 312 мың 837 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 2 мың 2669 адам.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19-дан 22 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустан 4 мың 39 адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігі сондай — ақ, 15 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан (КВИ) емдеуді 39 мың 316 адам (38 мың 769-оң ПТР — тестімен (КВИ+) және 547-теріс (КВИ -)) алуды жалғастырып жатқанын, оның ішінде стационарларда 14 мың 279 пациент, амбулаториялық емдеуде 25 мың 283 пациент бар екенін хабарлады.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 798 пациент ауыр халде, аса ауыр халде — 185, ӨЖЖ аппаратында — 107", — делінген ақпаратта.
Бөлісу