Экс-министр Елжан Біртановқа тағы бір айып тағылды

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Экс-министр Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті болып танылды, деп хабарлайды "Экспресс К" Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Экс-министр Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды.Былтыр коронавирус жұқтырған кезде Біртанов басқа Үкімет мүшелерімен бірге Таразда іс-сапарда болған. Экс-министр астанаға делегациямен бір бортта емес, бөлек санавиация ұшағымен оралған. Осылайша, ол бюджет ақшасын жөнсіз шашты деген күдікке ілінді. Бұрынғы министрдің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев тағылған жаңа айыппен келіспейді. Сөзінше, Біртанов өзге делегация мүшелеріне вирус жұқтырмау үшін басқа ұшаққа отырған, ал Нұр-Сұлтанға келгеннен кейін бірден жедел жәрдеммен инфекциялық ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ Біртановтың адвокаттары соттың үй қамағын ұзарту туралы қаулысына шағым түсірді. Олар бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған. Алайда, сот аппеляциялық шағымды қабылдамай, шешімін өзгертпеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров