Екі жастағы бүлдіршін терезеден құлап көз жұмды

Express Qazaqstan

© ЭК

Көкшетау қаласында екі жасар қыз бала 7-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды "Экспресс К" облыстық полиция департаментінің таратқан ақпаратына сілтеме жасап.

Полицияның таратқан ақпаратын сай қайғылы жағдай мамырдың 14-і күні кешкі сағат 6-лар шамасында болған.

"Абылай хан көшесі, 15 мекенжайда орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан қыз бала құлап кетті. Ол алдағы маусым айында 2 жасқа толатын еді", деді баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров