Қазақстан

Ішкі істер министрлігі мектептерді жаппай тексеруге кірісті

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздегі білім беру мекемелерінде тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды "Экспресс К". Бұл туралы Azattyq Rýhy жазады.

Ішкі істер министрлігінде білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс жедел кеңес өтті.

"Кеңес барысында министр Ерлан Тұрғымбаев ІІМ қызметтері мен аумақтық полиция департаменттерінің басшыларына барлық білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйелерімен, қызметкерлер мен келушілерді хабардар ету құралдарымен, дабыл түймелерімен, күзет сигнализациясымен және күзетпен жарақтандыруды тексеруді тапсырды", — делінген ведомство хабарламасында.

17 мамырда басталатын "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде қару мен оқ-дәрілерді сатудың және жеке тұлғаларда қауіпсіз сақтау шарттарын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістіктің тұрақты мониторингі жүзеге асырылатын болады.

"Балалар — қоғамның ең осал бөлігі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі әрқашан басымдыққа ие. Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру мекемелерімен және азаматтармен бірлесіп біз балалардың мектептерде білім алып, ата-аналардың бала қауіпсіздігі туралы алаңдамауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз", — деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров