Елордада көшелер жабылады

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылында жол жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті. Бұл туралы «Экспресс К» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған байланысты осы жылғы 15-17 мамыр аралығында Триумфальды аркадан Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады. Сондай-ақ, 15 мамырда Сейфуллин-Айманов көшелерінің қиылысында да жол жөндеу жүргізіледі. Бұл учаске толығымен жабылады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", — делінген ведомство хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров