Жүрек ауруын анықтайтын құрылғы ойлап тапты (видео)

Express Qazaqstan

© ЭК

Қызылордалық оқушылар жүрек ауруын анықтап беретін құрылғы ойлап тапты. Енді олар патент алмақшы. Қазіргі бұл аппарат дерттің 10 түрін анықтайтын көрінеді. Мұндай дерттің түрлері елімізде көп таралған", деп жазады Экспресс К тілшісі.

Ардуино платформасында құрылған ЭКГ аппараты дерттің түрін анықтап, диагноз қойяды. Науқасқа қажетті кеңестерді экран бетіне жариялап, нақты электрокардиограмманы көрсетеді. Бірақ оқушылар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Құрылғыны одан ары жетілдіруді көздеп отыр.

© ЭК
© ЭК

"Алдағы уақытта аппаратқа фонокардиографияны, яғни жүректің дауыс ырғағын анықтайтын бағдарламаны қосуды жоспарлап жатырмыз. Аппараттың негізгі функцияларына келетін болсақ, лабораторияда құрастырылды. Тексерістен өткізілген электриокардиограф тамырдан келетін сигналдарды қабылдап, жүректің қаншалықты жиі интервалда соғатынын нақты көрсетеді. Біз 11-ші сынып оқушылары екінші тоқсанда жүрек туралы тереңірек оқи бастадық," — дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары.

Статистикалық дерек бойынша елімізде 2 миллион адам жүрек-қантамыры ауруымен ауыратындығын ескерсек, дертті ерте анықтайтын бұл құрылғының пайдасы орасан.

© ЭК
© ЭК

Мәселен, оны үй жағдайында қолдануға болады. Ауруханаларда кезекке тұрып қажет емес. Аппарат жүрек дертінің түрлерін бар болғаны 2 минутта анықтап береді.

Қазір тың жоба патентке ұсынылды. Оған қол жеткен соң аталған құралды әлемдік байқаулар деңгейіне шығарып инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров