Маңғыстауда 245 кәсіпорын «Аshyq» жобасына қосылды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Маңғыстауда 245 кәсіпорын «Аshyq» жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 199 нысан ресми, ал 46 тесттік режимде ашылған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы хабарлады, деп жазады «Экспресс К»

"Біздің басты міндетіміз кәсіпкерлерді қолдау. Қазіргі уақытта пилоттық жобаға бірнеше кәсіпкерлік субьектілері енгізілді. Оның ішінде 199 кәсіпкерлік нысан тесттік режимнен өтті. Бұл кәсіпкерлердің тізімі облыс әкімдігінің ресми сайтында бар. Сондай-ақ бұл тізім қала, аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларына орналастырылды", — деді аталған басқа басшысы Жанна Тоқбаева.

Ал, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аққу Айтжанның айтуынша, өңірде осы күнге дейін "Аshyq" қосымшасы арқылы QR-кодты 34 485 адам сканерден өткізген. Оның ішінде 26341 келуші қоғамдық тамақтану орталықтарында тіркелді.

"Жаңа жоба өңірде қоғамдық тамақтану объектілері, боулинг, қонақ үйлер, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, сауналар, СПА-орталықтар, театрлар, фитнес-орталықтар мен турагенттіктер бойынша 10 салада жұмыс істейді", — деді Аққу Айтжан.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров