Жапан далада аударылған жүк көлікті екі тәулік күзетті

Express Qazaqstan

Әлейметтік желіден

Шығыс қазақстан облысының полицейлері екі күн бойы жолда сынып тұрған Беларусь республикасынан келген жүк көлігін күзетті, деп хабарлайды «Экспресс К»

"Мақаншы-Жаңалаңшкөл" республикалық тасжолымен келе жатқан "Scania" жүк автомобилінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып қалған. Оқиғасы болған жерге дереу жеткен тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын қолданып, жүргізушіге алғашқы медициналық көмек те көрсетілген. Жарақат алған көлік жүргізушісі Алматы облысының кеден бекетінен Беларусь Республикасына жүк тиеп жолға шықанын айтыпты.

Әлейметтік желіден
Әлейметтік желіден

Полиция қызметкерлері екі күн компания өкілдері келгенге дейін аударылған көлікті жүгімен бірге күзетуді қамтамасыз етті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары кран шақырып оны қайта тасжолға шығарды.

деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Көмекке разы болған Беларусь Республикасының азаматы Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров