Қазақстандық студент халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Express Qazaqstan

instagram.com / aruzhan_amanbayeva

Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 2-курс студенті Аружан Аманбаева Қазақстан мен ТМД тарихында тұңғыш рет "The Social Impact award 2021" халықаралық сыйлығын жеңіп алды, -деп хабарлайды «Экспресс К» тілшісі.

Байқауға әлемдегі 38 елдің жас ғалымдарынан келіп түскен 1600 ғылыми жобаның ішінен жерлесіміздің " The Soul Education" атты бизнес жобасы үздік деп танылған.

Небәрі 2-курс студенті және жас кәсіпкер Аружан еліміздегі "The Soul Education" атты құм арқылы емдеу терапиясы мектебінің негізін қалаушы болып табылады.

"Мен үшін әлемнің 1600-ден астам студент кәсіпкері қатысқан 38 елдің арасында Қазақстанның атынан алғаш рет қатысу үлкен мәртебе. Мен әлі күнге дейін эмоцияға толы күйде жүрмін. Жеңімпаздарды хабарлау кезінде мен басқа елдердегі әріптестерім үшін де шын жүректен тілектес болдым, бірақ Қазақстанның аты аталғанда өз көзіме өзім сенбедім. Мені сол сәт жақын дос болып кеткен барлық елдерден келген жоба қатысушылары қоңырау шалып, құттықтай бастады", — дейді Аружан.

Финалдық жарыста Мексика, Танзания, Канада және Доминикан Республикаларынан қатысқан жүйріктердің жобалары қатар шапқан көрінеді.

Қазақстан бізбен алғаш рет өзінің The Soul жобасымен әлемдік бизнестегі маңыздылығын дәлелдей алды.

деп атап өтті жобаны ұйымдастырушылар.

Жас ғалым өзінің жобасын ең алғаш рет "Даун" диагнозы қойылған туған ағасына эксперимент ретінде пайдаланып көрген. Уақыт өте келе едәуір нәтиже барын білген соң, осы құм терапиясын тереңірек зерттеп, қолға ала бастаған.

"Бұл біз үшін үлкен жетістік. Университетіміздің студенті халықаралық байқауда жеңіске жетіп, Қазақстанның туы трансляция экранында желбіреді. Мен студенттерімізді мақтан тұтамын. Шынында да, қазір бүкіл әлем таланттар үшін күресуде, ал Қазақстанда олар көп!",- дейді "ҚБТУ" АҚ ректоры міндетін атқарушы, Маратбек Габдуллин.

EO Global Student Entrepreneur Awards (EO GSEA) — колледжде немесе университетте оқып жүріп, өз бизнесін бастаған және басқаратын студенттер үшін ең беделді халықаралық байқау. 61 елден 15000-нан астам пікірлес көшбасшыларды қамтитын жоғары сапалы қолдау желісі. EO кәсіпкерлерге тәжірибе алмасуға және бірлескен оқыту арқылы өз мүмкіндіктерін толық ашуға көмектеседі. Аталмыш жоба 1987 жылдан бастап трансформациялық өсуге қол жеткізуге қолдау білдіріп келеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров