Орманда марихуана егіп, өсірмек болған

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бесқарағай ауданына қарасты Қара-Мырза ауылының тұрғындары ауласында өсірген марихуананы қазып алып, орманға апарып екпекші болған. Осы ойларын іске асырмақ ниетпен жолға шыққан олар полиция қызметкерлерінің назарына түсіп қалыпты, деп жазады Экспресс-К.

Бесқарағайлық полиция қызметкерлерін Қара-Мырза ауылы маңындағы ВАЗ-2107 маркалы автокөлігінің жүрісі күдік тудырған. Себебі көлік жүргізушісі жол сақшыларын байқаған қалпы, іле-шала жылдамдығын асырып, қашуға тырысқан. Алайда, әккі полицейлер автокөлікті қуып басып, көлік ішіндегі Қара-Мырза ауылының екі тұрғынын бақылауға алады. Нәтижесінде, 1984 және 1982 жылғы екі азаматтың есірткіден масаң күйде болғаны анықталған.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, көлік салонында конобиноидты тұқымдастардан шыққан қолдан жасалған 4 ыдысқа отырғызылған өсімдіктер тәркіленген. Сот-химиялық сараптамасына сәйкес бұл өсімдіктер есірткі заттарға жатады. Ұсталғандардың бірі өсімдіктерді өз ауласында өскенін, қазіргі уақытта оны қазып алып орманға апара жатқанын айтқан.

Осы орайда, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып бір мезгілде екі елдімекенде тінту жүргізген. Айыпталушылардың бірінен ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар бар үш полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар марихуана екені анықталған.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы "құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру" қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алынған өсімдіктерге сот-химиялық сараптамасы тағайындалды", деп жазады ШҚО полиция департаменті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров