Төрт адам көлікпен бірге өртеніп кетті

Express Qazaqstan

ТЖД

Шығыс Қазақстанда жанып кеткен жүк көлігінің кесірінен төрт адам қаза болды, деп хабарлайды «Экспресс-к»

"Өскемен-Алтай" тасжолының 25 шақырымында "Вольво" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол шетіне төңкерілді. Туындаған жол апатынан көлік шанағы жанып, салон ішіндегілер ес жимастан отқа оранып кеткен.

деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаменті.

Жол апаты болған жерге өрт сөндірушілер дереу жетті. Жалпы ауданы 9 шаршы метрді құраған лаулаған от сөндірілді. Өртті өшіру барысында 4 адамның өлі денесі табылған.

деп жазады арнайы департамент өкілдері.

Өртеніп кеткен төрт адамның екеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Арнайы мамандар алғашында жүргізуші мен оның қасындағы ер адамның мәйітін көріпті. Алайда қызыл жалынды толықтай өшірген соң, аударылған көлікті қайта тұрғызған кезде астынан тағы да екі мүрде шыққан. Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда.

Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Тіркелген оқыс оқиға бойынша сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізіледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров