Пандемия кезінде кітап саудасы 3 есеге өскен

Express Qazaqstan

© ЭК

Дәл осы сәтте Алматыда "Kitap al" дүкенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды сонда жүрген «Экспресс К» тілшісі. Игі бастаманы ұйымдастырушы "Samga" баспа үйінің директоры Абдулазиз Махмұтов. Бұл осымен шаһардағы үшінші дүкен.

© ЭК
© ЭК

Бұл дүкен сөрелерінде еліміздің барлық баспаларынан шыққан жаңа кітаптар қойылған. Сондай-ақ онда әлемдік классиктердің бестселлерімен қатар балаларға арналған жауһар дүниелерді көптеп кездестіруге болады.

Дүкен иесінің айтуынша соңғы кезде кітап оқылмайды деген тенденция уақытпен сырғып төмендеп келе жатқан көрінеді.

"Бір ғана мысал, соңғы бір жыл пандемия кезінде біздің кітап сату көрсеткішіміз үш есеге өсіп отыр",- дейді Абдулазиз Махмұтов.

Мұндай көрсеткішке жетуге интернет дүкен арқылы сату мен жеткізіп беру қызметін тиімді жолға қйылғандығы болса керек. Ал, болашақта көп ұзамай еліміздің өңірлерінен осындай дүкендер ашу жоспарда бар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров