Израильдің әуе шабуылы журналистер отыратын ғимаратты қиратты

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Израильдің әскери күші шабуыл жасар алдында ғимарат қожайынымен байланысқа шығып, ескерткен.

Газа қаласындағы көп қабатты ғимаратта көптеген халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде Associated Pressтің кеңсесі болған, деп хабарлайды ЭК Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Ғимараттың иесі Джаввад Махдидің айтуынша, Израиль әскері оған адамдарды шығаруға бір сағат уақыт берген.

Әуе шабуылы дайындалып жатқанын білген соң үйдің барлық тұрғындары мен БАҚ қызметкерлері тез арада ғимаратты босатқан.

ХАМАС қозғалысының бейбітшілікке жету үшін алға қойған басты талабы — атысты тоқтату. Жаппай зымыран мен әуе шабуылдары 11 мамырда басталды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров