«Өз ағашыңды отырғыз» жаңа челенджі басталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елордада экологиялық айлық аясында «Өз ағашыңды отырғыз» челленджі басталды. Қаланы көгалдандыруға атақты спортшылар, әртістер, жастар, еріктілер өз үлестерін қосты. Бұл бастамаға қала тұрғындары да белсене араласып жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Өз ағашыңды отырғыз" — қала тұрғындарын ағаш отырғызуға қызықтыру үшін бастау алған челлендж. Бұл өзекті мәселе, өйткені ауаның ластану деңгейі күннен-күнге артып келеді.

Елордалықтар экочелленджге белсенді араласып, эстафетаны көршілеріне, туыстарына, достарына жолдап жатыр.

Бүгін ауламызға ағаш отырғызып жатырмыз. Бізге ағаштар жеткізіп берді, бәрін ауламызға отырғыздық. Енді қаламыздың өзге тұрғындарына челленджді қабыл алуды және көгалдануына үлес қосуды ұсынамыз.

деді Наталья Лысова, қала тұрғыны.

Бүгін Тәуелсіздік даңғылындағы № 24 үйдің тұрғындары да өз аулаларын абаттандырды. Астаналық Қарашаш Қансейітованың айтуынша, көршілері ағаш отырғызу үшін аулаға шықты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров