Атырауда 6 млн теңгеге балыққа мүсін қойылды

Express Qazaqstan

© ЭК

Атырау облысының Исатай ауданыда бекіре балығына мүсін қойылды,-деп жазады “Экспресс-К”

— Мүсін жергілікті қаражат есебінен қойылды. Ауылдың тарихынан сыр шертетін бекіре балығының мүсіні Мәдениет үйінің ауласынан орын тепті. Бұл мүсінмен қоса төрт тақта орнатылды, онда Нарын құмы, елді ашаршылықтан құтқарған құмаршық өсімдігі, мұнай және ауыл шаруашылығының бейнесі бейнеленген. Мүсін мен тақтаға 6 млн 400 теңге бөлінді, — дейді Жанбай ауылы округінің әкімі Дидар Есмұханлв.

Айта кету керек, Жанбай ауылы Қазақстанға бекіре балығымен танымал. Тіпті бұл ауылды "браконьерлер ауылы" немесе "қызы балықтың отаны" деп те атайды. Ескерткішті орнатудың түпкі мақсаты, жойылып бара жатқан бекірені экологиялық қорғау.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров