Жалған хабарламалардың авторы анықталды

Express Qazaqstan

© ЭК

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде ішкі істер органдары Instagram-да “Qaznews24” аккаунтын тапты, оның парақшасында жалған хабарламалар үнемі жарияланып тұратын.

Бұл аккаунтта орналастырылған ақпарат тұрғындардың екітүрлі реакциясын тудырды, өйткені олар халыққа дұрыс емес ақпарат беріп, азаматтарды адастырды , деп хабарлайды "Экспресс К" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, "Жылына бір рет — қазақстандықтардың шетелге шығуына шектеу қойылады", "683 432 теңге қазақстандықтың 2021 жылғы орташа айлық жалақысы — ұлттық статистика бюросы", "Қазақстандықтарға шетелге шығу үшін көші-қон полициясынан шығу визасын алулары керек" және тағы басқа тақырыптағы ақпараттар үлкен резонанс тудырды.

Оған тіркелген 5,5 мыңнан астам адам жалған ақпаратты алып отырды. Бұл хабарламалардың қисынсыздығына қарамастан, қолданушылар белсенді түрде репост жасап, жедел хабарламалар арқылы бір-біріне жалған жаңалықтар жіберіп, скриншоттар жасап, оларды басқа ақпараттық ресурстарға көшіріп отырды.

Анықталмаған ақпаратты жариялау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу барысында жалпыға ортақ парақшаны ашқан — 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ол полицияға жеткізілді. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

"Тергеу амалдары жалғасуда. Ішкі істер органдары тағы да азаматтарға жалған ақпарат таратудың жол берілмейтіндігін, мемлекеттік органдардың тек ресми ақпараттарына сенім арту қажеттілігін, сондай-ақ, жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін тағы да еске салады."-деп жазды Polisia.kz

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров