Британиялық велосаяхатшы Ақтауға келді

Экспресс К

facebook.com

Британиялық велосаяхатшы Ақтауға келіп жетті, деп хабарлайды «Экспресс К» ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Үстіне қызыл веломайка киіп, қызғылт велосипед тепкен жігітті жолықтырсаңдар ол — Люк. Люк үш дөңгелекті тандем (екі адам мінетін велосипед) Ұлыбританияның Бритоль қаласынан Қытай астанасы Бейжіңге сапарлап барады. Бұл сапарды "3 дөңгелек. 30 мемлекет. 30 000 шақырым. 300 000 фунт стерлинг" деп қысқаша сипаттауға болады", делінген хабарламада.

instagram.com / bristol2beijing
instagram.com / bristol2beijing

4 жыл бұрын Люк сырқаттанып, оған сирек әрі ауыр саркома түрі (сүйектің қатерлі ісігі) деген диагноз қойылған. Бристольден Бейжіңге дейінгі сапар — оның ракпен ауырған адамдарды толыққанды әрі қызықты өмір сүруге жігерлендіру амалы және өзінің арманын орындау.

"Қазір Люк Ақтау қаласына келіп жетті, біз оған Қазақстан визасын рәсімдеуге көмектестік, ал Сергей Колганов онымен тандем великті бірге тепті. Таяуда саяхатшы Өзбекстанға аттанады, сосын Қазақстанға қайта оралып, Шымкент, Тараз, Алматы және басқа да қалаларға соғып өтеді", делінген жазбада.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров