Атыс қаруын сақтауда ережелер бұзылған

Express Qazaqstan

© ЭК

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері атыс қаруын сақтау ережесін бұзған 200-ден астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Экспресс К" BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері арнайы оқу орталықтарында Әкімшілік Полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері халық арасында атыс қаруын тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Алайда соған қарамастан жыл басынан бері қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 201 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ қаруды талапқа сәйкес тіркемеген 153 адам анықталды

Осы ретте, азаматтарға қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Қаруды тек рұқсат етілген мақсатта пайдалануға, қару мен оның патрондарын заңмен белгіленген тәртіпте сақтауға, оны пайдаланған кезде қауіпсіздік талаптарын қаперде ұстау қажеттігін ұмытпау қажет, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ елді мекеннен шыққан кезде немесе тұрғын үйді ұзақ мерзімге қалдырған жағдайда (іссапар, демалыс, оқу, емделу және т.б.) қару-жарақты аумақтық ішкі істер органдарына уақытша сақтауға тапсыруға болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров