Ғалам аруы: жартылай финалда қазақ қызы дефилеге шықты

Express Qazaqstan

Камилла Серікбай / instagram.com/kamilla_serikbay

Байқау финалы 16 мамырда өтеді.

Желіде қазақстандық қатысушы Камилла Серікбайдың дефилеге шыққан видеосы жарияланды. Жазбаны "Мисс Қазақстан" байқауының ұйымдастыру комитеті өзінің Instagram-дағы аккаунтында жариялады, деп хабарлайды "Экспресс К".

Камилла етегі ұзын сарғыш көйлек киіп шықты.

Видеоның астына жағымды да, жағымсыз да пікір қалдырғандар болды. Бірі қазақ қызын сынап-мінесе, екіншісі көйлекті "арзан" және "қарапайым" деп түйреді.

"Әдемісің" , "жарайсың", "осы бетіңнен тайма" , "ешнәрседен қорықпа" — деп қолдап-қолпаштады жанкүйерлері.

Естеріңізге сала кетейік, ең ірі "Ғалам аруы" байқауының финалы 16 мамырда Флорида штатындағы Голливуд қаласында өтеді.

Камилла Серікбай Сулейман Демирел атындағы университетте заң факультетінің бірінші курсында оқиды. 2019 жылы ол "Мисс Қызылорда" байқауында жеңіске жетіп, "Мисс Қазақстан" финалында туған қаласының намысын қорғаған.

Финалда Камилла қазақстандық дизайнер Сабина Наурзалинаның "Кункей" сән үйінен ұлттық киімімен дефилеге шығады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров