Өрт шарпыған Риддерде құрылыс жұмыстары басталды (видео)

Express Qazaqstan

instagram.com / danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өткенде ғана шарпыған өрттің ортасында қалған Риддер қаласына барып басталған құрылыс жұмысымен танысты. Бұл жайында өңір басшысы өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды «Экспресс К»

"Бүгін жұмыс сапарымен Риддер қаласына бардым. Құрылыс алаңында болып, мердігер ұйымдардың басшыларымен кездестім. Барлық компанияларға ұсынған жақсы жобалық шешімдері, сондай-ақ құрылысты уақтылы және тиімді бастағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың әрқайсысы алдарында тұрған жоғары әлеуметтік жауапкершілікті сезінетіндеріне және өңіріміз үшін маңызды миссияны нақты жүзеге асыруға барлық күш-жігері мен кәсіби тәжірибелерін жұмсайтындарына сенімдімін"- деп жазды облыс әкімі.

instagram.com / danial.akhmetov.official
instagram.com / danial.akhmetov.official

Оның айтуынша, халыққа берілген уәденің бәрі орындалады. Бұл жұмыстар Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында. Тұрғындар күзге дейін тұрмыстарын орнықтыру үшін үйлердің құрылыс мерзімі қысқартылмақ.

"Мұнда үлкен, сапалы үйлері мен кең, жарық көшелері бар бар әдемі және заманауи шағын аудан пайда болады. Келесі аптада келісім жасалғаннан кейін жол төсемінің негізін дайындау жұмыстарына кіріседі. Үйлермен қатар бірден жол салып, жарықтандыру жүргізіп, аумақты, соның ішінде балалар мен спорт алаңдарын абаттандырамыз. 24 мамырда, уәде етілгендей, тағы бір мәрте тұрғындармен кездесу өткіземін. Мердігер ұйымдармен бірге құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырамыз." -деп жазды Даниялд Ахметов.

instagram.com / danial.akhmetov.official
instagram.com / danial.akhmetov.official

Еске сала кетейік, 10 мамырда Лесхоз шағын ауданындағы орманда өрт тұтанып 39 тұрғын үй мен 9 шаруашылық қызыл жалынға оранған еді. Салдарынан 73 жастағы әйел адам көз жұмды, екі адамды күйік шалған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров