Нұр-Сұлтан
4 жасар бала оныншы қабаттан құлап мерт болды
© ЭК
Елордада 4 жасар бала тұрғын үй кешендерінің бірінде оныншы қабаттың терезесінен құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды "Экспресс К". Бұл жайында Егемен Қазақстан жазды.
Қайғылы жағдай сәтіне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны куә болған. "Бүгін 17.23-те көз алдымда бір бала қаза болды. Ол 10-қабаттан құлады, 3-4 жаста. Барлық қызметке қоңырау шалдым, бірақ бала сол жерде қайтыс болды. Ата-аналар терезелерді қашан жауып жүреді?", деп жазды Facebook тұрғын.
Бұл ақпаратты елордалық ПД растады. "14 мамырда сағат 17.39-да "102" желісіне тұрғын үй кешендерінің бірінде 2016 жылы туған бала 10-қабаттың терезесінен құлап кетті деген хабар түсті. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай 14 мамырда Көкшетауда болған еді. Көппәтерлі үйдің 7-қабатындағы ашық терезеден екі жасар қыз құлап, қайтыс болды.
Бөлісу