Ақтауда жаңа муралдар пайда болды

Express Qazaqstan

© ЭК

Ақтауда көп қабатты тұрғынүйлердің қабырғаларына ел мақтаныштарының ірі көлемдегі суреттері салына бастады деп хабарлайды Экспресс К.

Алғашқы мурал — халық жазушысы Әбіш Кекілбаевқа арналды. Суретті 4 шағын аудандағы 2 үйден көруге болады.

Мұнан соң ақын Фариза Оңғарсынова мен Есенғали Раушановтың муралы салынады. Әр суретті бейнелеуге 4-5 күн кетеді.

Ал мәңгілік алау ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан үйлердің қасбетіне қазақтың үш батыр қызы — Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова мен Хиуаз Доспанованың суреті салынады.

Жалпы қаладағы 10 үйдің сыртқы қабырғасында мурал пайда болады. Осылайша Ұлы отан соғысында от кешкен жандардың ерлігіне құрмет көрсетілмек.

Бұл жұмыстар облыс әкімдігінің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ел игілігі үшін" жобасы аясында жүзеге асуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров