Борышын өтеп жүріп қашып кеткен сарбаз ұсталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазір сарбаз өзінің борышын өтеп жүрген әскери бөлімге жеткізілді.

Алматы облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп хабарлайды "Экспресс К". Оқиға 14 мамыр күні болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі айтты.

"Қатардағы сарбаз Дархан Мырзабаевты әскери полиция күштері 16 мамыр күні түнгі сағат үш шамасында Сарыөзек станциясынан тауып, ұстады. Ол әскери бөлімнен үйін сағынғандықтан қашып кеткенін айтты. Әскери бөлімді дәлелсіз себептермен өз еркімен тастап кету дерегі бойынша қызметтік тергеу жұмыстары басталды. Тергеу қорытындысы бойынша Мырзабаевқа қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылатын болады", — делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан 5574 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан сарбаз себепсіз кетіп қалған. Ал оны іздеуге аталған әскери бөлімнің жеке құрамдағы күштері жұмылдырылған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров