Түлектер қайырымды іс жасады

Express Qazaqstan

Экспресс К

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының мектеп бітіргеніне 10 жыл толған түлектері игі іске себепкер болды деп хабарлайды Экспресс К.

Ауыл жастары қайырымдылыққа қор жинап, аудандағы көп балалы отбасыға үйдің кілтін табыс етті. Күтпеген жерден үйлі болған аудан тұрғыны Аманқосовтар отбасының қуанышында шек жоқ.

Экспресс К
Экспресс К

"Өте қуандық жаңалықты естігенде. Осыған дейін 6 балаламмен 10 жылға жуық пәтер жалдап жүрдік. Осындай көмек жасап жатқан інілеріме алғысым шексіз." — дейді Алуадин Аманқосов.

Аудан түлектерінің мұндай қайырымды шарасы дәстүрге айналған. Бұған дейін 2009, 2010 жылғы түлектердің демеушілігімен көп балалы отбасылар үйлі болды. Енді бұл игі шараны 2012 жылғы түлектер жалғастырмақ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров