2 адам мен 39 жылқы жанып кетті

Express Qazaqstan

ТЖД

15 мамыр күні түнгі сағат 23:56 шамасында Батыс Қазақстан облысы Шымкент-Самара тас жолында екі жүк көлігі соқтығысып, өртке оранды. Салдарынан 2 адам мен 39 жылқы өртеніп кетті, - деп жазады “Экспресс-К”

Самара-Шымкент жолының 464-шақырымында тіркемесіне 40 жылқы тиелген "КамАЗ" және бос келе жатқан түркиялық Mersedes-Benz Actros жүк көліктері соқтығысып, өртке оранған. Салдарынан "КамАЗ" жүк көлігінің тіркемесіндегі 39 бас жылқы жанып кеткен.

ТЖД
ТЖД

4 сағаттан кейін ауыздықталған өрттен кейін, жүк көліктерінен 2 адамның мәйіті шыққан. Сондай-ақ бір адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

"Қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың кім екені анықталып жатыр. Бүгін сағат 04.47-де өрт толықтай ауыздықталды,"-деп хабарлады БҚО Төтенше жағдайлар Департаменті. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

ТЖД
ТЖД

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров