Елордада биыл 160 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады — Алтай Көлгінов

Express Qazaqstan

.instagram.com / altay_kulginov_official

Аулалар балалар үшін де, аға буын үшін де қызық болмақ Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер жайлы айтты. Бұл туралы «Экспресс К» қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Аулаларымызды жайлы ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізіп келеміз. Қала тұрғындары терезеден аулаларының нашар кейпін емес, керісінше, өзіндік кескін-келбеті қалыптасқан аулаларды көруі қажет. Аулаларды көпфункционалды етеміз, олар балалар үшін де, аға буын үшін де қызық болмақ. Биылдың өзінде абаттандыру жұмыстары 160 аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) қамтиды. Елорданы "Нұр-Сұлтан — жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып келеміз", — дейді әкім.

.instagram.com / altay_kulginov_official
.instagram.com / altay_kulginov_official

Ол өз сөзінде былтыр 76 гектардан астам аумақ абаттандырылғанын, олардың қатарында тұрғын үй аулалары, қоғамдық кеңістіктер, сонымен қатар аудандарды байланыстыратын қаладағы ең танымал учаскелер бар екенін айрықша атап өтті. Осылайша қалада серуенге барлық жағдай жасалып келеді.

.instagram.com / altay_kulginov_official
.instagram.com / altay_kulginov_official

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров