Елорданың тағы бірнеше көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Көшелер 16-18 мамыр күндері жабық болады

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Мәңгілік ел және Орынбор көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті. Бұл туралы "Экспресс К" елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 16 мамыры сағат 16:00-ден 17 мамыр сағат 06:00-ге дейін Түркістан көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы аралығында жатқан Орынбор көшесінде, сондай-ақ Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Мәңгілік Ел даңғылында қозғалыс шектеулі болады. Сондай-ақ, 17 мамыр күні сағат 21:00-ден 18 мамыр күні сағат 06:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылынан М1 көпіріне дейінгі қозғалыс толықтай шектеледі.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

делінген ведомство хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров