Үндістанда ковидпен байланысты ахуал әлі күрделі

Express Qazaqstan

© Reuters

Үндістанда эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі. Соңғы бір күнде 326 мыңнан астам адам вирус жұқтырып алған, деп хабарлайды «Экспресс К» 24.kz сілтеме жасап.

Дерттен қайтыс болғандар қарасы да 4 мыңнан азаймай тұр. Дегенмен, билік қатаң карантиннің арқасында індет қатты өршіген Махараштра штатында жағдай тұрақталып келеді. Нью-Делиде де вирус жұқтырғандар қарасы 40 процентке азайған. Бірақ бүкіл ел аумағында ахуал жақсармай тұр. Ауруханаларда дәрі-дәрмекпен бірге вакцина да жетіспей жатыр.

— Базарда адам қарасы көп. Қайда барсаң да тұрғындар әлеуметтік қашықтық сақтамайды. Бетперде тағуға немқұрайлы қарайды. Індет осындайдан өршімей ме?

дейді саудагер Нарендра Шривастава.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров