Алматы
Алматы маңында жер сілкінді


pixabay.com
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «Экспресс К» Egemen.kz сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 352 шақырым қашықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты — 10,3. MPV магнитудасы — 4,7. Тереңдігі — 15 шақырым.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.
Бөлісу