Space X компаниясы ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды

Express Qazaqstan

© SpaceX

Америкалық Space X компаниясы ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды. Оларды «Фалкон 9» зымыран тасығышы Флоридадағы ғарыш айлағанынан әкетті, деп хабарлайды «Экспресс К» BAQ.KZ сілтеме жасап.

Бұл осы зымыран тасығыштың биыл 15-ші мәрте көкке көтерілуі.

Бағдарлама "Старлинк" ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асты. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ғаламдық интернет жүйесі 12 мың жерсерігінен тұрады. Оны алдымен АҚШ аумағында, содан кейін бүкіл әлемде қолдану көзделген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров